Обаманың твиттер аккаунты президент орындығымен бірге келесі үміткерге өтеді
АҚШ-тың жаңа президенті белгілі болғаннан кейін, Барак Обамаға Twitter парақшасын беруге тура келеді, ал оның штат президенті ретінде жариялаған барлық жаңалықтары өшіріледі
ABC News хабарлағандай, биліктің бірінші тұлғасының өз профильдерін беру жоспары туралы жуықта Ақ үй жариялады. Твиттер-аккаунтты бірінші болып пайдаланған президент Обама 2017 жылдың 20 қаңтарында оны келесі президентке тапсырады. Жаңа басшы барлығын таза беттен бастайды: Барак Обаманың барлық хаттары өшіріледі.
Алайда Обаманың 11 миллион оқырманын сақтап қалу үшін АҚШ-тың 44-ші президентінің твиттеріндегі барлық мұрағаттар, суреттер мен бейнелер жаңа @POTUS44 аккаунтына жіберіледі. Сол сияқты @WhiteHouse, @FLOTUS (бірінші леди аккаунты, First Lady Of The United States), @PressSec (баспасөз-хатшы) және @VP (вице-президент) профильдері де сондай күй кешеді. Мұрагерлік бойынша келесі АҚШ президентіне өзге де әлеуметтік желілердің аккаунты қалады, оның ішіне «Фейсбук», «Инстаграм» кіреді. «Твиттердегі» POTUS және FLOTUS профильдері 2013 жылы шыққан, осы уақыт аралығында Барак Обамада 300 жазба және 11 миллион оқырман пайда болған. Мишель Обама төрт мыңнан астам твит жасаған, оның оқырмандарының саны 5,6 миллион адамды құрайды.