Ғалымдардың пікірінше ең үздік диета – аз тамақтану
Луизианадағы Пеннингтон медициналық зерттеу орталығының ғалымдары адам жейтін тағамдардың 25%-ы артық екенін анықтады
Мамандар 218 адам қатысқан сараптама жүргізді. Сараптамаға қатысқан адамдар өздері күнделікті жейтін тағамдарын 4 есе аз мөлшерде жеді.
Екі жылда олар өздерінің 10% салмақтарын жоғалтты. Сонымен қатар олар жыныстық әрекетсіздіктен арылып, жақсы ұйықтап, өздерін жақсы сезіне бастады. Дәрігерлер де олардың денсаулықтары жақсара бастағанын байқады.
Нәтижесінже ғалымдар диетаның бұл түрі адам ағзасына өте қолайлы екенін айтып, егер отбасымен бұл үрдісті ұстанса, нәтиже екі есе артық болатынына назар аударды.