Ким Чен Ын Солтүстік Корея студенттеріне жақсы оқыңдар деп бұйрық берді
Солтүстік корея көшбасшысы елдің ірі жоғарғы оқу орнындаға профессорлар мен студенттерге «ұлы ғылыми жұмыстар» жазуға міндеттеді
Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ын Пхеньяндағы Ким Ир Сен атындағы Университет жетекшілігіне жоғары оқу орны «әлемдік деңгейдегі мекемеге» айналуы керек және студенттер соған лайықты ғылыми жұмыстар жазсын деген талаппен хат жолдады.
Ким Чен Ын Пхеньян қаласында атасымен қаланған Ким Ир Сен атындағы Университет әлемдік деңгейге шығуға міндетті деп мәлімдеді.
Жоғарғы оқу орнының басты міндеті, КХДР басшысының пікрінше, белсенді ғылыми қызмет болу керек. Чен Ын Солтүстік корея студенттерінің «үлгілі» жұмыстары халықаралық семинарларға шығарылып, әлемдік ғылыми журналдарға басылу керектігін атап өтті.
Сонымен қатар, жоғарғы оқу орындары өздігінше халықаралық академиялық семинарлар ұйымдастырып, өзге елдердің ғылыми-зерттеу институттары мен университеттерімен байланысты кеңейтуі керек.
КХДР ұстаздары мен студенттері жоғарғы оқу орындарының декандарынан мұндай тапсырмаларды жыл сайын алып тұрады (бұл елдің ішкі технологиялық және ғылыми күшін насихаттау шеңберінде жүргізіледі). Алайда Ким Чен Ыннан «жақсы оқыңдар» деген бұйрығы бар хатты елдің ірі университеті бірінші рет алып отыр.
Құжатта сонымен қатар Ким Ир Сен атындағы Университетке корей тілін зерттеуге шетелдік студенттерді көптеп шақыру, ал өз студенттерін алмасып оқу бағдарламасымен шетелдік жоғарғы оқу орындарына жіберу керектігі туралы жазылған.
Ким Чен Ын «бұйрығының» бір бөлігі Солтүстік кореяның білім беру мекемелеріне үлкен ашықтығына қазағушылық танытып отырған шетел университеттерінің профессорларын қуантып жіберді.