Польшада жүргізушілер жанармайдың жоғары бағасына наразылық білдіруде
Көлік иелері жанармай құю бекеттеріне кірер жолдарды жауып, бағаның бақылаусыз болғанына наразылықтарын білдіруде
Польшаның әртүрлі аймақтарында автокөлік иелері ұйымдастырған наразылық акциялары өтіп жатыр, деп хабарлайды МИР 24 сайты.
Бір жыл ішінде елдегі жанармай бағасы үштен бірге өсті. Наразылық білдірушілер ЖҚС иелері пайда көру үшін ақылдасып бағаны көтергеніне сенімді.
Біздің наразылығымызды білдіретін уақыт келді. Біз осы акцияларды ұйымдастыра бастағаннан кейін, бағалар кенеттен өсуді тоқтатты. Біз ортақ күш-жігерімізбен әділдікке қол жеткізе алатынымызды түсінеміз. Олар біздің соңғы ақшамызға қол сұғуда, бұдан былай біз шыдай алмаймыз және шыдмаймыз! - деді наразылық білдірушілердің бірі, такси жүргізушісі Матеуш Роматовски.
Бензин бағасы Еуропаның көптеген елдерінде өсті, бірақ Италия мен Грецияда ерекше байқалады.