Қытай АҚШ облигацияларын сатып жатыр
Қытай үкіметі қазан айынан бастап АҚШ-тың 3 млрд долларына тең құнды қағаздарын сатуды ойлап отыр
Қытайдың қаржы министрлігі банктерге АҚШ облигацияларын сатып алатын клиенттерді іздеуге тапсырма берді.
Биыл Қытай осымен екінші Америка облигацияларын жаппай сатып жатыр. Сауда соғысы басталғанға дейін 2004 жылы Қытай бір рет АҚШ облигацияларын жаппай сатқан болатын.
Қытай қазіргі уақытта АҚШ құнды қағаздарын ұстап отырған әлемдегі бірден-бір мемлекет. Қытайда 1,7 трлн долларға тең АҚШ облигациялары бар.