Өскемен
ясно
-11°
  • Өскемен
    -11°
  • Алматы
    +5°
  • Астана
    -10°
  • Ақтөбе
    -5°
  • Актау
    +9°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -13°
  • Қостанай
    -12°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -8°
  • Петропавловск
    -13°
  • Тараз
    +7°
  • Туркестан
    -6°
  • Шымкент
    +8°
$
499.51
+0.96
525.83
+1.55
¥
68.9
+0.14
4.62
-0.13
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Қазақстан Наталья Хижняк
Ақпарат көзі:
Устинка

Денсаулық сақтау министрлігі дәріханаларда дәрі-дәрмекті рецептісіз сатуға тыйым салмақ

2020 жылдан бастап рецептісіз дәрілерді сату мүлде тоқтатылады

Сонымен бірге, дәрілердің шекті бағасы белгіленеді, деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Яғни, министр Біртановтың айтуынша, жұрт денсаулығына жауапсыз қарап, дәріхана сатушыларының кеңесіне жүгіне береді. Сондықтан келешекте емделушілер алдымен дәрігердің қабылдауында кіруі керек болады. Ал келер жылдан бастап Денсаулық сақтау министрлігі дәрілердің шекті бағасын белгілеп, дәріханалардың қызметін қатаң бақылауға алайын деп отыр. Сонымен бірге, тегін берілетін дәрілердің жайын да қатаң бақылауға мәжбүр. Өйткені биылдың өзінде 3 мыңнан аса адамнан шағым түсіпті.

- Жұрт дәріханаға келгенде көбіне керекті дәрісін емес, қай жері ауыратынын айтып тұрады. Сосын дәріхана сатушысы медицина қызметкері болмаса да өз бетінше науқастарға дәрісін анықтап береді. Соның ішінде аса қатты әсер ететін препаратты да ұсынып жібереді. Ал бұл дегеніңіз нағыз заңбұзушылық, - дейді ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов.

Следующая →