Түркия Америкадан келетін тауарларға баж салығын көбейтті
Америкадан экспортталып келетін көмір, қағаз, миндаль, грек жаңғағы, күріш, темекі мен ішімдік, автокөлік пен косметикаларға салынатын баж салығы қымбаттады
Одан бөлек, автокөліктерден бастап күннен қорғайтын көзілдіріктерге дейін жиырмадан астам тауарға қосымша баж салығы қосылмақ.
Түркия баж салығын өсіру арқылы жылына $267 млн доллар пайда табуды көздеп отыр. АҚШ болса, Түркиядан экспортталатын болат пен алюминийге салынатын баж салығын күрт қымбаттатып жіберген еді. Енді Түркияда да есе жібермеуді ойлауда.
Ал Түркиядан АҚШ-қа тасымалданатын болат пен алюминийдің құны $1,1 млрд доллар болса, АҚШ-тан Түркияға тасымалданатын тауарлардың жалпы құны $1,8 млрд доллар екен.