Өскемен
пасмурно
-4°
  • Өскемен
    -4°
  • Алматы
    +1°
  • Астана
    -7°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +5°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -5°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -8°
  • Петропавловск
    -7°
  • Тараз
    +3°
  • Туркестан
    +5°
  • Шымкент
    +7°
$
498.34
+3.47
519.72
-0.93
¥
68.79
+0.45
4.85
-0.06
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Әлем Әлем
Ақпарат көзі:
Устинка

Оңтүстік Кореяда криптовалютаны қолдануға тыйым салынуда

Корея Республикасының үкіметі жақын арада қаржылық институттары мен азаматтарына виртуалды валютаны қолма-қол ақшаға айналдыруға міндеттемек

Бұл жайында Мемлекеттік саясатты үйлестіру жөніндегі басқарманың басшысы Хон Нам Ги айтып отыр.

Оның айтуынша, жақын арада үкімет азаматтары мен банк ұйымдарына виртуалды валютаны банк есепшотына айналдыруды талап етпек. Ал банк есепшотын ашуға құжат қажет.

Сонымен қатар, Хон Нам Ги үкімет криптовалютаны қаскүнемдік жолға пайдалануды тоқтату, қаржыны заңсыз қолданғаны үшін қатаң жазалау бойынша шаралар кешенін жасап жатқанын айтты.

Оңтүстік Кореяда соңғы жылдары криптовалюта қолдану кең етек алды. Үкіметтің мәліметіне қарағанда, криптовалютаны бір миллионға жуық адам сатып алған. Ал үкімет болса, криптовалютаның сенімсіз екендігін айтып ескертіп жатыр.


Следующая →