Төрт алматылық жігіт тұрғынды тонағаны үшін сотталды
Оларға шартты жаза берілді. Зардап шегуші оларды бас бостандығынан айырмау туралы өтініш білдірген
1994-1996 жылдары туған төрт жігіт айлакерлік жасап, интимді қызметте хабарласып, кездесу орнын білгілеген, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ал кездесуге келген жас жігітті соққыға жығып, оның iPhone 6S смартфоны мен 200 мың теңге ақшасын тартып алған.
Алайда оларды полиция ұстап алған. Сотта күдіктілер өзі кінәсін мойындаған. Ал зардап шегуші олардың матиалдық және моральдық шығынның орнын толтырып бергенін айтып, соттан жеңіл жаза сұраған.
Төрт жігіт 3 жыл 11 айға шартты түрде бас бостандығынан айырылды әрі мүліктері тәркіленіп алынды.