Маман биткоинды асығыс сатып жіберді
Эксперт алдағы уақытта биткоинды тезірек сатқысы келетіндер көбейеді деп отыр
Эмиль Ольденбург – биткоинға арналған ең ірі ресурстардың бірін құрған маман. Криптовалютаны сатумен айналысатын маман оны тезірек сатып құтылуға тырысқан. Оның ойынша, биткоинның құны 19 мың долларға дейін құлдырайды.
Маман капиталды криптовалютамен сақтау сенімсіз екендігін айтады.
- Биткоин жүйесінің қалай табыс табатындығын түсінген адамдардың барлығы оны жаппай сата бастайды, - дейді Ольденбург.
Шынымен де, бір айдың ішінде биткоинды сатып алу мен аудару үшін төленетін комиссия 70 пайызға дейін өсіп кеткен. Ал криптовалютамен жасалған операцияның нәтижесін шығару үшін төрт жарым сағат уақыт кетеді.