Жинақ банкі 2025 жылы 45 мың қызметкерін жұмыстан босатады
Жинақ банкінің басшысы Герман Греф несиелік ұйымның 2025 жылға қарай 45 мыңға жуық қызметкерін жұмыстан босататындығын мәлімдеді
Басшысының сөзіне сүйенсек, қазіргі таңда мекеме қызметкерлерінің саны әлем бойынша 325 мыңға жеткен. Ал 2025 жылға қарай штат 280 мың қызметкерге дейін қысқартылады. Сонымен қатар, ол банк қызметкерлерінің біліміне баса назар аудару қажеттігін, қызметкерлерді қайта оқытып, жаңа мамандық алуларына мүмкіндік жасау керектігін айтады.
Грефтің сөзіне сүйенсек, штатты қысқарту жоспарланғанымен, Жинақ банкі әлі де IT-саласындағы мамандарға қабылдау жүргізуде. Соңғы 2 жылда 6,5 мың жаңа қызметкер қабылданған.