Өскемен
ясно
-12°
  • Өскемен
    -12°
  • Алматы
    +1°
  • Астана
    -3°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +8°
  • Орал
    -2°
  • Қарағанды
    -4°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -10°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    -3°
  • Шымкент
    +8°
$
498.51
+0.17
522.84
+3.12
¥
68.81
+0.02
4.81
-0.04
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Қазақстан
Ақпарат көзі:
Алдаспан

Катонқарағайда музей-мектеп ашылмақ

Шығыс Қазақстан облысының Катонқарағай ауданында Оралхан Бөкей оқыған мектеп жаңартылып, оның орнына мектеп-музей ашылмақ

Шыңғыстай ауылындағы бұл мектепті 1907 жылы Алаш қозғалысына қатысқан әрі Катонқарағайда болыс болған Әбдікәрім Ережепұлы ашқан екен. Көзі ашық, еуропалық білімі бар Әбдікәрім Ережепұлы ауданда алғаш рет 4 сыныптық қазақ мектебін ашып, қазақтың біртуар ақыны Сұлтанмахмұт Торайғыровты мектепке мұғалім етіп алған.

- 1907 жылы іргесі қаланған мектептің фундаменті әлі сақталған екен. Сол фундаментінің орнына ені 12 метр, ал ұзындығы 18 метр болатын ағаштан жаңа ғимарат салып қойдық. Қазіргі күні абаттандыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Шыңғыстай ауылында онсыз да Әбдікәрім атындағы заманауи орта мектеп бар болғандықтан, бұл ғимаратты Оралхан жазушыға арналған музей ретінде халыққа беруге ұйғарым шығардық, - дейді Катонқарағай ауданының әкімі Ахметқали Ахашұлы.

Әкімнің сөзіне қарағанда, ауданда ешқандай музей жоқ, сондықтан мәслихат депутаттарының көтерген бұл мәселесі бірден қолдау тапқан. Шыңғыстайдағы бұл тарихи мектепте Оралхан Бөкей, Сәрсен Аманжолов, Дидахмет Әшімханов, Әлібек Асқаров, Құмаш Нұрғалиев сынды танымал тұлғалар білім алған.

Мектеп-музейдің экспонаттары ретінде бұл тарихи мектептің түлектері қалдырған жәдігерлер қойылмақ. Сонымен қатар, биыл Алаш қозғалысына 100 жыл толып отыр. Соған байланысты аудан басшылығы да алаш қайраткерлерімен көзқарасы бір Әбдікәрім болыстың мектебін қайта көтеріп, мерейтойға тарту етпек.


Ардақ Аманғалиева

Следующая →