Өскемен
малооблачно
-13°
  • Өскемен
    -13°
  • Алматы
    +2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +8°
  • Орал
    +1°
  • Қарағанды
    -3°
  • Көкшетау
    -9°
  • Қостанай
    -7°
  • Қызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -9°
  • Тараз
    -3°
  • Туркестан
    +1°
  • Шымкент
    +3°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Әлем Әлем
Ақпарат көзі:
Алдаспан

Еңбек жолын өндірістен бастады

Шығыс Қазақстан облысында Еңбек күні мерекесінде «Еңбек жолы – Трудовой путь» республикалық конкурсының облыстық кезеңінің қорытындысы шығарылды

Елбасының тапсырмасымен елімізде үшінші жыл қатарынан «Еңбек күні» мерекесі аталып өтуде. Мұндағы басты мақсат – еңбек қоғамын қалыптастыру кезеңінде қарапайым еңбек адамдарын насихаттау, олардың жұмысын көрсету, әл-ауқатын арттыру. Шығыс Қазақстан облысы өндірісімен өрге жүзген қалалардың бірі. Еліміздің өндірісін дамытуға өздерінің үлестерін қосып отырған барлық еңбек адамдарына арналып Металлургтер мәдениет сарайында мерекелік концерт ұйымдастырылды. - Біздің облысымызда 19 мың шағын, 442 орта және 185 ірі кәсіпорындар жұмыс істеп отыр. Оларда 700 мыңнан астан жерлестеріміз адал еңбек етуде. Бұл облыс тұрғындарының тең жартысы. Алдағы уақытта да еңбек адамдарын көбірек жұмысқа тартып, олардың әл-ауқатын арттыру үшін жаңа жұмыс орындары ашылатын болады, - деп атап өтті өз құттықтау сөзінде ШҚО әкімінің орынбасары Жақсылық Омар. «Еңбек жолы» республикалық конкурсының облыстық кезеңінің қорытындысы бойынша «Өндірістің үздік жас маман» номинациясы бойынша «Казцинк» ЖШС маманы Асхат Зикенов, «Жұмысшы жастардың үздік тәлімгері» номинациясы бойынша «Азия Авто» АҚ маманы Андрей Рыльский, «Үздік еңбек әулеті» номинациясы бойынша «Өскемен ТМК» АҚ Филлипповтар әулеті үздік болып танылды. - «Казцинк» ЖШС-да 2 жыл көлемінде еңбек етіп келемін. Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ студенті болып жүргенімде «Казцинк» компаниясының филиалында 2 жыл оқып, өндірістік жұмыстың қыр-сырымен таныстым. Өзімнің еңбек жолымды қарапайым құрам тиеуші ретінде бастап, аға шебер лауазымына дейін көтерілдім, - дейді «Казцинк» ЖШС Анод өндіру цехінің аға мастері Асхат Зикенов. Асхат Асқарұлы биыл түсті металлургияның магистрі атанды. Өзінің 2 жылдық еңбек жолында Германия мен Грецияда шеберлігін арттырып үлгерді. Ағылшын тілін білуі оның алдында талай есіктерді айқара ашып, жұмысының жемісті болуына септігін тигізді. Оның пікірінше жас маманның бойында ең алдымен еңбекқорлық пен ізденімпаздық болу керек. Ақерке Рағызбаева
Следующая →