Өскеменде ер адам полиция қызметкеріне дөрекі сөйлеп, тыңдамағаны үшін сотталды
2 жылға бас бостандығы шектеліп, барларға баруға тиым салынуы тәртіп бұзушыны тәртіпке салып, алдағу уақытта заңға бағынатындай сабақ болады
Мас болған ер адам, әрмен қарай ішуін жалғастырғысы келіп, дәмханаларға кірмек болады. Алайда дәмхана әкімшілігі клиентттің масайрағанын көріп, бұдан артық құймайтындағын айткан. Сол қарсылығы үшін маскүнем әйелді балағаттай бастайды. Бұл бассыздыққа шыдамаған әйел полицейлерді шақырады. Алайда шараптың сананы улағаны сонша, ер адам полицейлердің бірімен шетке шығып сөйлеспек болып, жұдырығын ала жүгіреді. Осы әрекеті үшін де оның бас бостандығы шектеледі.
Өскемен қаласының №2 сотында ер адамның бұл әрекеттерін заңға бағынбаушылық деп танып, оның бас бостандығын 2 жылға шектеп, ішімдік сатылатын орында жүруге тиым салды.
Следующая →