Түркияда ақпан айындағы туристтер саны 10,3%-ға төмендеген
2016 жылдың ақпан айында Түркияға келген туристтер саны өткен жылдың осы айымен салыстырғанда 10,3%-ға, яғни 1,24 млн адамға азайған
Фото:
hierapolis-info.ru
Бұл февральдік көрсеткіш 2006 жылдан бастап салыстырғанда ең төмен.
Сала өкілдері бұл жағдайға Түркиядағы лаңкестік шабуылдар мен ресейліктерге жасалынатын визаның күрделілігі әсер етіп отыр деп пайымдауда.
2015 жылы Түркияның туризмнен алған кірісі $93 млрд, немесе барлық кірістің 12%-ын құраған. Елдегі барлық жұмыс орындарының 8%-ы туризм индустриясында. Мемлекет билігі туризмді қолдау үшін ақпан айының соңында $87 млн қаржы жұмсайтынын уәде етті.