Жаулап алынған Egypt Air авиакомпаниясының ұшағында қазақстандықтар жоқ екен
Алдын-ала деректер бойынша, жауланған Egypt Air авиалиниясының ұшағында Қазақстан азаматтары жоқ болып шықты, - деп хабарлады Сыртқы істер министрлігі баспасөз қызметінің жетекшісі Ануар Жайнақов
Фото:
ndtv.com
«Алдын-ала деректерге сүйенсек, авиалайнер бортында біздің азаматтар жоқ», - деді ол.
Оның айтуынша, қазіргі уақытта ұшақ бортында бірнеше кепілдікке алынған тұтқындар қалды.
Бұдан бұрын Egypt Air авиалиниясы ұшағын жаулап алған адамның экипаж мүшелері мен бес шетел азаматынан басқа барлық адамдарды босатып жібергендігі хабарланған еді. Кейбір БАҚ өкілдері ұшақта бес емес төрт шетел азаматы қалған дейді.
Бастапқыда, әуе кемесінің бортында 81 адам болған болатын.