Алматыда Ресей әртісі Галкиннің концерті неге өтпейтін болды?
Максим Галкин Қазақстандағы концерттерінің тоқтатылғанына шағымданған еді
ҚР Мәдениет басқармасы Максим Галкиннің концерті не себепті өткізілмейтінін түсіндірді, деп хабарлады Zakon.kz.
Концерттік кеш 6 қазан күні Алматыдағы Республика сарайында өтуі керек болатын.
Бәріңіз бұл коммерциялық концерт екенін түсінуіңіз керек. Республика сарайында барлық іс-шаралардың кестесі алдын ала жасалған. Олар сұраған күндерде басқа іс-шаралар тұр. Сонымен қатар олар ресми түрде келісім-шарт жасамай, билеттерді сата бастады. Бұлай істеуге болмайды, – деді Алматы қаласы Мәдениет басқармасының басшысы Ғани Майлыбаев.
Бұл ретте ол ұйымдастырушылар басқа күнді таңдап, ресми келісім жасаса, концерт өткізу мүмкіндігін қарастыруға болатынын айтты.