Қазақстанның мерген қыздары алтын мен күмісті қанжығалады
Әзірбайжан астанасы Бакуде нысана көздеуден әлем чемпионаты өтіп жатыр
Қос спортшымыз бас жүлдені сарапқа салды. Тартысты өткен ақтық сында Зухра Ирназарова 6:3 есебімен басым түсті.
Айта кетейін, бұл жаттығу Олимпиаданың бағдарламасына кірмейді, бірақ Қытайдың Ханчжоу қаласында өтетін Азиада-2023 тізімінде бар.
Зухра мен Александраны және бүкіл Қазақстан құрамасын керемет нәтижемен құттықтаймын! - деді ҚР Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов. - Бакуде елдің намысын қорғайтын мергендерімізге қалған жарыс күндері осындай жоғары нәтижеге қол жеткізулерін тілеймін.
Естеріңізге сала кетейін, қазір біздің команданың қоржынында үш медаль бар. Сондай-ақ, мергендеріміз Париж Олимпиадасына жолдама алу үшін күресуде.