Мысырдағы демалыс базаларының бірінде туристі акула жеп қойды
Ер адамға көмектесуге тырысқандар болғанымен жыртқыш оны су астына тартып әкеткен
Оқиға кеше Мысырдың Хургада ауданындағы Dream Beach демалыс орнында болған, деп хабарлады Тасс агенттігі.
Ресейдің бас консулы Воропаевтың айтуынша, акуланың шабуылынан қаза тапқан турист – Ресей азаматы. Ақпаратты Мысыр билігі де растап отыр.
Оқиға жергілікті уақыт бойынша 15.00 шамасында болған. Қайтыс болған 1999 жылғы азамат.
Әлеуметтік желіде акуланың шабуыл жасаған сәті түсірілген видео кеңінен тарады. Жыртқыш шабуыл жасаған сәтте суда турист қыз да болған, бірақ қыз жүзіп шығып, ер адам үлгере алмаған. Туристер ер адамды дереу құтқармақ болған, бірақ акула оны су астына сүйреп тарта бастаған.
Қазір Хургаданың барлық жағажайында суға түсіге тыйым салынған. Адамды жеп қойған акула қолға түсті.