Өскемен
пасмурно
+4°
  • Өскемен
    +4°
  • Алматы
    +6°
  • Астана
    -3°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +9°
  • Орал
    +5°
  • Қарағанды
    -4°
  • Көкшетау
    -3°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +4°
  • Павлодар
    -2°
  • Петропавловск
    -3°
  • Тараз
    +4°
  • Туркестан
    +3°
  • Шымкент
    +7°
$
494.87
-0.33
520.65
-1.69
¥
68.34
4.91
-0.03
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақы ит тұқымдарын көбейтумен айналысатын орталық ашылады

Биыл 1 шілдеден бастап қазақы ит тұқымдары ұлттық орталығы жұмысын бастайды

Новости Казахстана / Қазақы ит тұқымдарын көбейтумен айналысатын орталық ашылады
Фото:
ашық дереккөзден

Бұл туралы Экология және табиғи ресурстар министрлігі орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының орынбасары Андрей Ким мәлім етті, деп хабарлады ҚазАқпарат.

Биыл ҚР Президенті қазақы ит тұқымдарын сақтау туралы заңға қол қойған еді.

Аталған заңда орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетіне қарасты "Охотзоопром" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының құрылымдық бөлімшесі "қазақы ит тұқымдары ұлттық орталығын" құру көзделген. Оның ашылуы биыл шілдеге жоспарланып отыр. Ұлттық орталық қазақы ит тұқымдарын сақтау және көбейтумен айналысады. Сол сияқты қазақы иттермен айналысатын мамандар даярланады. Сонымен қатар асыл тұқымды иттерді өсіру және оларға куәлік беру бойынша кинологиялық қызмет болады. Қазақы ит тұқымдарын сақтаумен айналысатын заңды және жеке тұлғалармен бірлесіп тұқым стандарттары пысықталып, сынақтар, көрмелер мен байқаулар ұйымдастырылады, - деді Андрей Ким орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәлсхиатында.

Сондай-ақ, Андрей Ким өткен жылы республикалық бюджеттен 2023, 2024 және 2025 жылдарға арналып 1,4 млрд теңге қарастырылғанын айтты.

Биыл қаражат 1 шілдеден кейін бөлінеді. Қаржыландыру екі бағыт бойынша жүреді. Біріншісі – қазақы ит тұқымдарын сақтау және олардың санын арттыру бағытында. Екіншісі, иттерге далалық сынақтар, көрмелер мен байқауларды ұйымдастыруға мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс бойынша, - дейді ол.

Оның айтуынша, биыл мемлекеттік әлеуметтік тапсырысқа 198 млн теңге жұмсау жоспарланған.

Следующая →