Өскемен
пасмурно
-4°
  • Өскемен
    -4°
  • Алматы
    +1°
  • Астана
    -7°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +5°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -5°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -8°
  • Петропавловск
    -7°
  • Тараз
    +3°
  • Туркестан
    +5°
  • Шымкент
    +7°
$
498.34
+3.47
519.72
-0.93
¥
68.79
+0.45
4.85
-0.06
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

ҚР Президенті Үндістан халқына көңіл айтты

Сенбі күні Үндістанда бірнеше пойыз соқтығысып, 300-ге жуық адам опат болды

Новости мира / ҚР Президенті Үндістан халқына көңіл айтты
Фото:
ашық дереккөзден

Бұндай ірі апат Үндістанда 1980 жылы тіркелген екен, делінген BBC News агенттігі таратқан ақпаратта.

Үндістанның шығысында орналасқан Одиша штаты, Баласор елді мекенінде бірнеше пойызсоқтығысты. Салдарынан 288 адам қаза тауып, 900 адам түрлі жарақат алды.

"Шалимар-Коромандель" жүрдек пойызы жергілікті уақыт бойынша сағат 19.00 шамасында рельстен шыққан. Апат барысында оның бірнеше вагоны "Есвантпур-Хаора" экспресі жүретін басқа жолға түсіп кетті. Қарсы бағытта жүріп келе жатқан пойыз әуелі осы вагондарды соққан, кейін жолда тұрған тағы бір жүк пойызымен соқтығысқан. Апат неден болғаны әлі белгісіз.

Ақпараттарға сенсек, бұл - Үндістанда 1980 жылдардан бергі ең үлкен теміржол апаты. Жергілікті билік құрбан болғандардың саны артуы мүмкін екендігін айтады.

Осы қайғылы жағдайға байланысты ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Үндістан Премьер-министрі Нарендра Модиге көңіл айту жеделхатын жолдады.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Премьер-министр Нарендра Модиге және Үндістан халқына теміржол апаты салдарынан болған қайғылы оқиғаға байланысты көңіл айтты.

Одиша штаты, Баласор елді мекенінде болған теміржол апаты салдарынан көптеген адамның қаза тапқаны туралы суыт хабарды күйзеліспен қабылдадым. Жақындарынан айырылған отбасылардың ауыр қайғыларына ортақтасып, Қазақстан халқының және жеке өзімнің атымнан көңіл айтамын. Сондай-ақ зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдіремін. Осындай азалы сәтте Үндістан халқымен біргеміз, – деп жазылған жеделхатта.

Следующая →