Өскеменде пәтер бағасы арзандады
Өткен айда Қазақстанның 13 қаласында екінші нарықта пәтер бағасы төмендеген
Фото:
Устинка LIVE
Ал керісінше төрт қалада баға қымбаттап барады, деп хабарлады Krisha.kz.
Негізінен Астана (1,3%), Өскемен (1,2%), Атырау (1%) және Алматыда (0,9%) баға айтарлықтай түскен. Мониторингтік мәліметтерге сүйенсек, мамыр айының қорытындысы бойынша орташа баға 374 556 теңге болып тұр. Бұл оның алдындағы сәуір айымен салыстырғанда 0,4%-ға аз.
Ал керісінше Шымкентте, Таразда (+0.2 %), Семейде (+0.4 %), Ақтауда (0.5 %) баға көтерілген.