Тоқаев Ердоғанды жеңісімен құттықтады
Түркиядағы Президенттік сайлаудың екінші кезеңі өтті
Жоғарғы сайлау комиссиясының алдын-ала қорытындысы бойынша Режеп Тайип Ердоған айқын басымдықпен жеңіске жетті. Халықаралық ұйымдар сайлаудың барлық талаптарға сай өткенін жариялады.
Осы орайда ҚР мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Режеп Тайип Ердоғанды Түркияда өткен президент сайлауының екінші кезеңіндегі жарқын жеңісімен құттықтады.
Елдерімізді тарихи достық және ынтымақтастық байланыстар біріктіреді. Осы жан-жақты ынтымақтастық стратегиясы одан әрі дами береді, – деп жазылған Президенттің Twitter-дегі құттықтауында.
Естеріңізге сала кетейік, Түркияда президент сайлауы 14 мамырда өтіп, оның қорытындысы бойынша ешбір кандидат 50 пайыздан артық дауыс жинай алмады. Сайлаушылардың 49,52 пайызы Режеп Тайып Ердоғанға, 44,88 пайызы Кемаль Қылычдароғлыға дауыс берген еді.