Өскемен
пасмурно
+7°
  • Өскемен
    +7°
  • Алматы
    +16°
  • Астана
    +2°
  • Ақтөбе
    +15°
  • Актау
    +17°
  • Орал
    +17°
  • Қарағанды
    +2°
  • Көкшетау
    +3°
  • Қостанай
    +7°
  • Қызылорда
    +15°
  • Павлодар
    +3°
  • Петропавловск
    +3°
  • Тараз
    +16°
  • Туркестан
    +12°
  • Шымкент
    +18°
$
448.41
+1.26
481.05
-4.69
¥
61.96
+0.13
4.79
-0.01
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

ШҚО-да өңірлік "Oskemen IT-hub" ашылды

Бұл өңірдегі жастардың IT жобаларын қолдап, іске асыру үшін қажет

Усть-Каменогорск и ВКО / ШҚО-да өңірлік "Oskemen IT-hub" ашылды
Фото:
ШҚО әкімдігінің баспасөз қызметінен

"Astana hub" көмегімен пайдалануға беріліп отырған өңірлік "Oskemen IT-hub" ашылуына ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин қатысты, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Министр Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметовпен бірге Ведомствоаралық бірыңғай ахуалдық орталыққа барды. Ол жерде министр құрылымына "Сергек", "Бірыңғай байланыс орталығы 109" және "бірыңғай кезекші-диспетчер қызметі 112" жүйесі және "ШҚО әкімінің Ахуалдық орталығы" ақпараттық жүйесімен танысты.

Сонымен қатар, Даниал Ахметов пен Бағдат Мусин ШҚО-да тұңғыш рет "Astana hub" көмегімен пайдалануға беріліп отырған өңірлік "Oskemen IT-hub" ашылуына қатысты. Негізгі мақсат - өңірдегі жастардың IT жобаларын қолға алып, іске асуына қолдау көрсету және облыстағы мектептер мен жоғары оқу орындарындағы талантты жастарды іріктеп алмақ. Биыл 20-30 ITжобаларды "Oskemen IT-hub" іске асыруды көздеп отыр.

Ал облыс әкімдігінде өңір басшысы мен ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Шығыс Қазақстан облысының елді мекендерінің интернет желісіне сапалы кең жолақты қолжетімділікті қамтамасыз ету бойынша Жол картасына қол қойды. Өз кезегінде аймақ тұрғындары сапалы интернетке қол жеткізу үшін облыс әкімі Даниал Ахметов 1,3 миллиард теңге бөлінгенін жеткізді.

ШҚО-ның it-қоғамдастығын дамытудағы өзара ынтымақтастық туралы үш жақты меморандум жасалды. Министр жұмыс сапарын қорытындылап, ШҚО-да цифрландыру бойынша үлкен жұмыстар атқарылып жатқанын атап өтті.

Шығыс Қазақстан облысында денсаулық сақтау саласының цифрландыру бағыты бойынша, оның ішінде бірегей онкологиялық ауруларды, туберкулезді, пневмонияны (оның ішінде ковидті) ерте сатысында анықтауға мүмкіндік беретін жасанды интеллект "PACS жүйесі" жобасы іске асырылуда. Сонымен қатар Өскемен қаласы еліміз бойынша Smart sity қалалардың рейтингі бойынша 3-ші орында. Бұл үлкен жетістік. Медицина саласы бойынша жаңа технологияны пайдалану бойынша елімізде алдыңғы қатарда сіздердің аймақтарыңыз,- деді Бағдат Мусин.


Следующая →