Өскемен
ясно
+16°
  • Өскемен
    +16°
  • Алматы
    +22°
  • Астана
    +20°
  • Ақтөбе
    +19°
  • Актау
    +18°
  • Орал
    +17°
  • Қарағанды
    +18°
  • Көкшетау
    +18°
  • Қостанай
    +19°
  • Қызылорда
    +28°
  • Павлодар
    +16°
  • Петропавловск
    +18°
  • Тараз
    +23°
  • Туркестан
    +9°
  • Шымкент
    +28°
$
439.43
473.31
¥
60.98
4.82
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақ-өзбек шекарасында жүздеген көлік кептелісте тұр

Көлік кептелісі Өзбекстаннан елімізге жеміс-жидектер, көкөністер тасымалының артуымен байланысты

Новости мира / Қазақ-өзбек шекарасында жүздеген көлік кептелісте тұр
Фото:
depositphotos.com

Түркістан облысындағы "Қазығұрт" кеден бекетінде кезегін күткен шетелдік көліктердің легі бірнеше шақырымға созылады, деп хабарлады qazaqstan.tv.

Бұл жерде не жуынатын не тамақ ішетін асхана жоқ. Алысқа бара алмаймыз, кезегің өтіп кетуі мүмкін. Тыныш демалып, ұйықтап, жуынып алуға болатындай тұрақ жасау қиын емес қой, - дейді жүргізушілердің бірі Дилмурод Бакиров.

Ал мамандар шекарадағы кептеліске Сарыағаштағы "Қапланбек" бекетінің жөндеуге жабылғаны басты себеп болып тұрғанын айтады. Қазір жүк көліктері басқа үш бекет арқылы өткізіліп жатыр. Дегенмен, көлік саны жылдан жылға артқан. Бұған дейін "Қазығұрт" бекетінен күніне тек 10 жүк көлігі өткізілсе, қазір олардың саны 250-ге жуықтайды.

Шекарада автокөліктердің көбеюі маусымдық жағдайға байланысты болып отыр. Яғни, ол Өзбекстаннан елімізге жеміс-жидектер, көкөністер көбірек әкелініп жатыр. Содан бөлек ол Өзбекстан Республикасынан Ресейге де транзит арқылы кетіп жатқан жайы бар. Кеден қызметінің өкілдері көбейтіліп, штат қайта жасақталды. Сонымен қатар бас диспетчерлік басқарма тәулік бойы жұмыс жасап жатыр, - дейді аржы министрлігі мемлекеттік кірістер комитеті басқарма басшысының орынбасары Айнұр Сартаева.

Следующая →