Түркияда алғаш рет қымыз фестивалі өтті
Анкарадағы Kazak obası деп аталатын аймақта киіз үй тігіліп, қазақтың ақ дастарханы жайылды
Бие сауылып, түрік ағайындарға қымыздың дайындалу жолы көрсетілді, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Фестивальді Түркиядағы ҚР елшілігінің қолдауымен ТЮРКСОЙ Халықаралық түркі мәдениеті ұйымы мен Қазақстанның мәдениет және спорт министрлігі бірлесіп ұйымдастырды.
Қазақ сусыны фестиваліне жиналғандар қарасы көп. Ұйымдастырушылар келушілерге қымыздың пайдасын түсіндіріп, аттарды жайлауға жаю құпияларымен бөлісті. Түркия жоғары оқу орындарында оқитын қазақстандық студенттер достарына ұлттық тағамдар, салт-дәстүр туралы айтып жатты.