Өскемен
ясно
+22°
  • Өскемен
    +22°
  • Алматы
    +22°
  • Астана
    +18°
  • Ақтөбе
    +15°
  • Актау
    +16°
  • Орал
    +17°
  • Қарағанды
    +16°
  • Көкшетау
    +13°
  • Қостанай
    +9°
  • Қызылорда
    +18°
  • Павлодар
    +19°
  • Петропавловск
    +12°
  • Тараз
    +17°
  • Туркестан
    +13°
  • Шымкент
    +16°
$
443.44
480.51
¥
61.36
4.88
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

ҚР Президенті "Орталық Азия – Қытай" саммитіне қатысты

Ол ортақ мүддеге сай келетін ынтымақтастығымыздың маңызды бағыттарына тоқталды

Новости мира / ҚР Президенті "Орталық Азия – Қытай" саммитіне қатысты
Фото:
Ақорданың ресми сайтынан

Келесі саммит 2025 жылы Қазақстанда өтеді, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы өз сөзінде ең алдымен тауар айналымын арттыруымыз керектігін атап өтті.

Соңғы жылдары Орталық Азия елдерінің экономикалық қарым-қатынасы жаңа деңгейге көтерілді. Былтыр Қазақстанның осы аймақтағы мемлекеттермен алыс-берісі 19 пайызға өсті. Яғни, 8 миллиард доллар болды. Алдағы уақытта бұл көрсеткішті 15 миллиардқа дейін жеткізуді көздеп отырмыз, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев. - Аймақтың Қытаймен сауда-саттығы да қарқынды дамып келеді. Былтыр бұл көрсеткіш 70 миллиард долларға жетті. Оның 45 пайызы Қазақстанға тиесілі. Қытай мен Орталық Азия арасындағы тауар айналымын 2030 жылға қарай 100 миллиард долларға жеткізуге барлық мүмкіндік бар.

Осы орайда электронды сауда саласында өзара алыс-берісті арттыру үшін қосымша мүмкіндік барын тілге тиек етті. Бұл бағытта Қытайдың көш бастап тұрғаны сөзсіз. Онлайн сауданы дамыту аса маңызды. Бұған жаппай шектеулер кезінде көзіміз анық жетті.

Қытайдың "Alibaba Group", "JD COM" сияқты интернет алпауыттарының осы саладағы тәжірибесі мен әлеуеті орасан зор. Орталық Азия елдерінің нарықтағы бәсекеде өз артықшылықтары бар. Осы орайда Қазақстан Қытайдың ірі электронды сауда алаңдарын кеңінен пайдалануды ұсынады. Бұл қадам өнімдерімізді нарыққа бірлесе шығару үшін аса маңызды. Кеше JD COM платформасында Қазақстанның ұлттық павильоны ашылды, - деді ол.

Көлік-логистика инфрақұрылымын дамытудың қажеттілігіне де тоқталды.

Он жыл бұрын Астанада Си Цзиньпин мырза "Бір белдеу – бір жол" бастамасын ұсынған болатын. Содан бері осы ауқымды жобаның тиімділігіне және қажеттігіне бүкіл әлем көз жеткізді, - дейді мемлекет басшысы. - Бұл мегажоба Ұлы Жібек жолын жаңғырту ісіне ықпал етті. Сондай-ақ көптеген елде заманауи көлік инфрақұрылымын салу жұмысын жандандырды. Қазақстан – Қытайдың жақын көршісі әрі сенімді серіктесі. Сондықтан "Бір белдеу – бір жол" жобасына атсалыса береді. Осы орайда Қазақ-қытай шекарасында үшінші темір жол өткелін ашу маңызды қадам болмақ.

Сондай-ақ, өнеркәсіп саласындағы ынтымақтастықты нығайту және энергетика саласындағы, оның ішінде, мұнай-газ секторындағы қарым-қатынасты дамыту керектігі, трансшекаралық су ресурстарын тиімді пайдалану, мәдениет және білім саласындағы ынтымақтастықты, сондай-ақ туризмді дамыту мәселелерін де көтерді.

Мемлекеттер басшылары "Орталық Азия – Қытай" саммитінің қорытындысы бойынша Сиань декларациясына қол қойды




Следующая →