Өскемен
малооблачно
-13°
  • Өскемен
    -13°
  • Алматы
    +2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +8°
  • Орал
    +1°
  • Қарағанды
    -3°
  • Көкшетау
    -9°
  • Қостанай
    -7°
  • Қызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -9°
  • Тараз
    -3°
  • Туркестан
    +1°
  • Шымкент
    +3°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Түркияда президент сайлауының екінші кезеңі өтуі мүмкін

Бұны  Режеп Тайып Ердоған да жоққа шығармады

Новости мира / Түркияда президент сайлауының екінші кезеңі өтуі мүмкін
Фото:
әлеуметтік желіден

Кеше Түркияда президент сайлауы өткен болатын, деп хабарлайды Устинка LIVE Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Түркиядағы президент сайлауында берілген дауыстардың 96,15 пайызын санау қорытындысында кандидаттардың қажетті 50 пайызды жинай алмағаны анықталды. Белгілі болғандай, сайлаушылардың 49,42 пайызы қазіргі президент Режеп Тайып Ердоғанға дауыс берген. Оның басты бәсекелесі Кемал Кылычдароғлу 44,88 пайыз дауыс жинады.


Түркия заңына сәйкес, егер кандидаттардың ешқайсысы дауыстардың жартысынан көбін жинай алмаса, сайлаудың екінші кезеңі өтуі тиіс.


Ердоған қарсыласы Кемал Кылычдароғлумен екінші турға дайын екенін атап өтті. Дүйсенбі күні таңертең дауыстарды санау әлі жалғасып жатыр.

Біз сайлау бірінші турда аяқтала ма, жоқ па білмейміз. Халық бізді екінші турға шығарса, біз бұл шешімді құрметтейміз, - деді Ердоған.

Түркияның оппозициялық альянсының жетекшісі Кемал Кылычдароглу сайлаушылардың дауыс берудің екінші турын өткізу туралы шешімін мойындайтынын айтты.

Егер еліміз екінші турды жарияласа, біз міндетті түрде жеңеміз. Қоғамдағы өзгерістерге деген ынта 50 пайыздан жоғары, - деді ол.

Следующая →