ШҚО тұрғыны 30 млн теңге қарызын төлеуден қашып жүрген
Қарызын төлеуден жалтарып жүрген борышкерді ШҚО құқық қорғаушылар тапты
Жалпы жыл басынан бері облыс полицейлері 20-дан астам борышкерлерді анықтаған, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі ШҚО ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ұлан ауданының полиция бөліміне Астана қаласының жеке сот орындаушысының шаруа қожалығына шамамен 30 миллион теңге қарызданған 52 жастағы азаматтың қарыз төлеуден жалтарып жүргені және оған іздестіру жариялау туралы қаулысы келіп түскен, - делінген хабарламада. - Қаулы түсе сала қызметкерлер жедел шаралар қабылдап, бір тәулік ішінде борышкерді тапты.
Қазіргі уақытта мәліметтер берешекті өндіріп алу бойынша шаралар қабылдау үшін уәкілетті органдарға берілді.
ШҚО ПД Көші-қон қызметі құқық бұзушылықтың осы түрі үшін заңда әкімшілік (ҚР ӘҚБтК-ның 669-бабы) және қылмыстық жауаптылық (ҚР ҚК-ның 139-бабы) көзделгенін ескертеді.