Түркияда жүрген қазақстандыққа қаңғыған оқ тиген
Баласын емдетуге Түркияға отбасымен барған ер адам жазатайым оққа ұшқан
Оған джереу Түркиядағы Қазақстанның елшілігі көмекке келген. Сыртқы істер министрлігі қазақстандық жігіттің атысқа мүлде қатысы жоғын мәлімдеді. Алдын ала мәліметтер бойынша, қазақстандық азамат жергілікті тұрғындар арасындағы атыстың кездейсоқ құрбаны болған.
18 сәуірде Ыстанбұлдағы Қазақстанның Бас консулдығына Қазақстан азаматы қоңырау шалып, оқ тигенін хабарлаған.
Елшілік бұл мәліметті естігеннен кейін дереу жәбірленушіге барып, оны жергілікті ауруханаға жатқызған.
Полиция оқиғаның егжей-тегжейін анықтау үшін тергеу жүргізіп жатыр.