Қажылыққа бара жатқан 20 адам қаза тапты
Меккеде қажылыққа бара жатқан жолаушылар автобусы аударылып, 20 адам қаза тапты, 29-ы жарақат алды
Олардың арасында қазақстандықтар болмаған, деп хабарлайды Устинка LIVE inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.
Оқиға 27 наурызда Сауд Арабиясының оңтүстік-батыс аймағында орын алған. Бұл туралы Arabnews жазды.
Оқиға Асир провинциясындағы Акабат-Шаар деген жерде түстен кейін сағат 16.00 шамасында болды. Автобус Хамис Мушайттан шығып, Абхаға бет алды.
Кей мәліметтер бойынша, апатқа автобустың тежегіш жүйесіндегі ақау себеп болған. Жүргізуші тізгінге ие бола алмай, қоршауға соғылған. Содан кейін автобус аударылып, өртеніп кеткен.
ҚР Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, зардап шеккендер мен қаза тапқандар арасында қазақстандықтар жоқ. Бұл ақпаратты Сауд Арабиясының полициясы да растады.