Биыл Зайсандағы 8 ауылға газ тартуға қаржы қарастырылуда
Былтыр жүргізілуі керек болған жұмыстарға биыл 940 млн теңге қарасытырлуда
Бұл туралы Зайсан ауданының әкімі Дулат Қажанов мәлімдеді, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Ауданда бүгінде табиғи газбен қамтамасыз ету - өзекті мәселелердің бірі болып тұр. 2022 жылға жоспарланған 8 ауылдық елді мекендерге (Дайыр, Көкжыра, Қуаныш, Біржан, Сарытерек, Жарсу, Бақасу, Сарыжыра) ауылішілік газ желілерін тарту жұмыстары мемлекеттік сатып алуға қатысқан мердігерлер арасында сот процесінің жүруіне байланысты уақытша тоқтап тұр. Биыл осы жұмыстарды іске асыруға 940 млн теңге қаражат қарастырылып отыр, - дейді Зайсан ауданының әкімі Дулат Қажанов.
Ал былтыр Зайсан қаласындағы газ желілерін жүргізуге 159,6 млн теңге жұмсалған.
Өңірлерді дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» шеңберінде бөлінген 310,2 млн теңгеге Зайсан қаласындағы Боқажанов көшесі бойындағы көпқабатты үйлердің қазандығы қатты отыннан табиғи газға ауыстыру жұмыстары жүргізілген, - деді Дулат Қажанов.