Әлеуметтік желіні пайдаланушылардың 54%-ы ерлер
Ал әлемдегі ең танымал желі – Facebook екен
Мұндей деректі Ranking.kz сарапшылары келтірді, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Әлеуметтік желіде ең көп отыратындар нигериялықтар: күніне 4 сағат 20 минут жұмсайды екен. Одан кейінгі орындарда Бразилия мен Оңтүстік Африка тұрғындары – 3 сағат 44 минуттан. Ал жапониялықтар әлеуметтік желілерде ең аз уақыт өткізеді (күніне 49 минут), одан кейін Оңтүстік Корея (1 сағат 11 минут) және Австрия (1 сағат 30 минут) тұрғындары.
Жалпы, әлемдегі ең танымал әлеуметтік желі - Facebook (2,9 млрд қолданушысы бар). 2,5 млрд және 2 млрд қолданушылары бар Youtube және WhatsApp үздік үштікті түйіндейді.
Сіз әлеуметтік желіде күніне неше сағат отырасыз?