Халықаралық іздеуде жүрген қылмыскер ШҚО-дан табылды
Ауыр қылмыс жасаған Тәжікстан азаматы Өскемен қаласы аумағында тығылып жүрген
ШҚО полициясы қолға түсірген шетелдік қылмыскер өз елінің тәртіп сақшыларына табысталды, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі ШҚО ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында ШҚО ПД КПБ қызметкерлері ШҚО ПД ЭҚІҚБ бірлесіп, Өскемен қаласының аумағында ауыр қылмыс жасағаны үшін Тәжікстан Республикасының құқық қорғау органдарынан ұзақ уақыт жасырынған қылмыскерді ұстаған, - делінген хабарламада. - 27 жастағы ер адам алаяқтық жасағаны үшін қылмыстық қудалау органдарынан жасырынған. 2021 жылдың тамыз айында жәбірленушінің сеніміне кіріп, Латвия Республикасына виза алып және оны көрсетілген елге жіберемін деп алдау арқылы қаскөй одан 2 325 АҚШ долларын алған.
Оған қатысты Тәжікстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Соғды облысы бойынша департаменті Тәжікстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 247-бабының 2-бөлігі бойынша күзетпен қамауға алу түрінде бұлтартпау шарасын таңдау арқылы іздестіру ісін бастады. Біраз уақыттан кейін айыпталушының жүрген жері Қазақстан Республикасының аумағында анықталды. Осы жылдың қаңтар айында іздестіруде жүрген адам ұсталып, Тәжікстан Республикасына жер аударылды.