Биыл Өскемендегі қай көшелер жөнделеді?
ШҚО әкімі Өскемен қаласында жолдарды салу, жөндеу және абаттандыру бойынша кеңес өткізді
Облыстық бюджеттен Өскемен қаласындағы жолдарына 755 млн теңге бөлінбек, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Ағымдағы жылы ШҚО полиция департаменті ауданындағы Спорт сарайынан Үлбі арқылы өтетін көпірге дейінгі учаскеде Астана көшесін кеңейтуді жалғастырамыз, - дейді ШҚО әкімі Даниал Ахметов. - Сондай-ақ, бірінші жартыжылдықта Базовая көшесін қайта жөндеуді жоспарлап отырмыз, нәтижесінде төрт жолақты қозғалыс болады.
Өскеменнен Алматы бағыты жолына ерекше назар аударылмақ.
ЖМК шағын ауданындағы қозғалысты жеңілдету үшін Есенберлин, Жібек Жолы көшелері мен Сәтбаев даңғылын қамтитын айналма жол салу жоспары бар. Мұнда екі жоба болмақ, яғни коммуникацияларды көшіру және жол салу, - деп атап өтті өңір басшысы.
Сондай-ақ, Славский және Пермитин көшелерін кеңейту бойынша жобалар бар. Ал Пограничная көшесін кеңейту үшін тұрғындардан 13 үйді сатып алуға қаражат бөлінген. Осылайша орталық көшелердегі қозғалыс ағымын төмендетуге және кептелістерді азайтуға мүмкіндік беретін бірқатар бірінші кезектегі жобалар анықталды.