Өскемен
ясно
+22°
  • Өскемен
    +22°
  • Алматы
    +22°
  • Астана
    +18°
  • Ақтөбе
    +15°
  • Актау
    +16°
  • Орал
    +17°
  • Қарағанды
    +16°
  • Көкшетау
    +13°
  • Қостанай
    +9°
  • Қызылорда
    +18°
  • Павлодар
    +19°
  • Петропавловск
    +12°
  • Тараз
    +17°
  • Туркестан
    +13°
  • Шымкент
    +16°
$
443.44
480.51
¥
61.36
4.88
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Әуезовтің мерейтойына орай Нидерландта басқосу өтті

Нидерландтағы Қазақстан елшілігі арнайы дөңгелек үстел ұйымдастырып, атақты қазақ жазушыларын, ақындары мен драматургтарын еске алды

Новости мира / Әуезовтің мерейтойына орай Нидерландта басқосу өтті
Фото:
ҚР Нидерланд Корольдігіндегі елшілігі

Мұхтар Әуезовтің 125 жылдығына орай Нидерландтың Гаага қаласында ғылыми конференция ұйымдастырылды, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі Нидерландтағы Қазақстан елшілігінің ақпаратына сүйеніп.

Мұхтар Әуезовтің "Абай жолы" еңбегінде Нидерландтағы Лейден қаласы туралы айтылады. Қазақ және голланд әдебиеттанушыларының дәл осы елде бас қосуы да сондықтан.

Драматургтың немересі Зифа-Алуа Мұратқызының айтуынша, кезінде Абай британ жазушысы Генри Райдер Хаггардтың "Лейден сұлуы: ландтар туралы повесть" атты романын оқып, кейін осы шығарма бүкіл қазақ даласына таралды. Бұл оқиға роман-эпопеяда да баяндалады.

ҚР Нидерландтағы елшісі Асқар Жұмағалиев атап өткендей, Мұхтар Әуезовтің туған күнінде осындай ғылыми конференция ұйымдастыру енді дәстүрге айналады. Голланд жерінде мұндай шара бұдан былай жыл сайын ұйымдастырылмақ.

Дөңгелек үстелге жиналғандар сондай-ақ, Ахмет Байтұрсынов, Абай Құнанбайұлы, Ыбырай Алтынсарин, Ғабит Мүсірепов пен өзге де қазақ әдебиетінің бәйтеректері қалдырған мұра мен олардың рөлдері туралы әңгіме өрбітті.


Следующая →