Өскемен
ясно
+14°
  • Өскемен
    +14°
  • Алматы
    +19°
  • Астана
    +8°
  • Ақтөбе
    +15°
  • Актау
    +15°
  • Орал
    +17°
  • Қарағанды
    +10°
  • Көкшетау
    +7°
  • Қостанай
    +9°
  • Қызылорда
    +21°
  • Павлодар
    +7°
  • Петропавловск
    +5°
  • Тараз
    +14°
  • Туркестан
    +14°
  • Шымкент
    +14°
$
448.56
+0.67
478.03
+1.25
¥
61.97
+0.08
4.79
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Әлем Әлем
Ақпарат көзі:
Устинка

Испанияда зейнеткер 40 жыл отасқан әйелін қызғаныштан өлтірген

84 жастағы ата 81 жастағы әйелін балғамен ұрып өлтірген. Жауап алу кезінде ол ештеңеге өкінбейтінін айтқан

Оқиға Мадридтің орталығында орын алған. Мораталас кварталында жергілікті тұрғындар егде жастағы көршісінің айқайын естіп полицияға қоңырау шалған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.сайты. 

Жергілікті БАҚ ер адам есікті ашып, полицияға өз еркімен берілгенін  хабарлады.
-Кіріңіздер, мен оны өлтірдім. Мені алып кетіңіздер, - деді зейнеткер.
Полицияның хабарлауынша, зейнеткер әйел еденде жатқан. Ал қылмыс құралы  - балға жанынан табылған. Ауыр дене жарақатын алған әйел ауруханаға жеткізілген. Бірақ жарақаттан көп қан жоғалтып, көз жұмған. 

Жауап алу кезінде  полицияға ер адам істеген ісіне өкінбейтінін және оның қайтыс болған әйелі бұдан да жаман тағдырға лайық екенін айтқан. 

Қазір сот зейнеткердің ісі бойынша шешім шығарғанша ол уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Следующая →