Көкшетау қаласының тұрғыны әйелден бопсалап екі миллион теңгеден астам ақша талап еткен
Ақмола облысының Полиция департаменті аса ірі көлемде бопсалау туралы істі тергеді. Күдіктіге қылмыстық бап бойынша бас бостандығынан айырылу жазасы тағайындалады
Мамыр айының соңында Ақмола облысының тұрғыны полицияға оның танысы кейбір ақпараттарды таратпағаны үшін одан үлкен көлемде ақша талап етіп жатқандығы туралы арызбен жүгінген. Белгілі болғандай ер адам өткен жылдың күзінен бастап жәбірленушіні бопсалап жүрген. Әйел адам осы уақыт аралығында оның және оның достарының есепшотына шамамен 2,5 миллион теңге аударып үлгерген, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Ведомстваның хабарлауынша, қаскүнем 22 жастағы Көкшетау қаласының тұрғыны екені анықталған. Бопсалау фактісі бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 194-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, ер адам тергеуге алынған.
Следующая →