Өскемен
ясно
+6°
  • Өскемен
    +6°
  • Алматы
    +17°
  • Астана
    +4°
  • Ақтөбе
    +4°
  • Актау
    +9°
  • Орал
    +6°
  • Қарағанды
    +5°
  • Көкшетау
    +5°
  • Қостанай
    +5°
  • Қызылорда
    +14°
  • Павлодар
    +6°
  • Петропавловск
    +3°
  • Тараз
    +15°
  • Туркестан
    +2°
  • Шымкент
    +17°
$
449.58
-0.49
486.94
-1.57
¥
62.22
-0.13
4.86
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Әлем Әлем Алишер Кабдуалиев
Ақпарат көзі:
Устинка

Түркияда наурыздан бастап коронавирусқа байланысты шектеу шаралары жеңілдетілмек

Қазір Түркияда жұмыс күндері сағат 21:00- ден таңғы сағат 05:00- ге дейін, жұма күні кешкі 21:00- ден дүйсенбі күнгі таңғы 05:00-ге дейін коменданттық сағат енгізілген

Одан бөлек, Түркияда барлық жерде маска режимі мен әлеуметтік арақашықтық сақтау міндеттелген. 

Мейрамханалар, кафе мен түнгі клубтар және басқа да көңіл көтеру орындары жабық. Ал қоғамдық тамақтану орындары тек тағам жеткізумен айналысады. 

- Коронавируспен күрес динамикасы мен біздің жетістіктерімізге қарап, наурыз айының басында шектеу шараларын жеңілдетуді бастаймыз. Өңірлерді төрт санатқа бөлеміз. Олар: жағдайдың қауіптілігі жоғары, бірқалыпты, орташа және төмен. Осы топтар бойынша коменданттық сағатты біртіндеп алудан бастап, әр провинцияға қатысты жеке-жеке шешімдер қабылданады, - дейді Ердоған Анкарада журналистер алдында сөйлеген сөзінде.

Ол алдағы күндері мейрамханалар мен кафелер және басқа да қоғамдық тамақтану орындарының ашылуына байланысты жол картасы жарияланатынын айтты. 

Ердоғанның сөзінше, Түркияда қазірдің өзінде 5,5 млннан аса адам коронавирусқа қарсы вакцина қабылдаған. 
Следующая →