Өскемен
пасмурно
+16°
  • Өскемен
    +16°
  • Алматы
    +14°
  • Астана
    +16°
  • Ақтөбе
    +22°
  • Актау
    +20°
  • Орал
    +19°
  • Қарағанды
    +18°
  • Көкшетау
    +11°
  • Қостанай
    +13°
  • Қызылорда
    +21°
  • Павлодар
    +13°
  • Петропавловск
    +8°
  • Тараз
    +14°
  • Туркестан
    +15°
  • Шымкент
    +16°
$
441.44
-1.91
473.09
-2.45
¥
60.96
-0.22
4.75
-0.07
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Оқиғалар Оқиғалар Кирилл Наумов
Ақпарат көзі:
Устинка

ШҚО-да дүкенге қарақшылық шабуыл жасалды

Пышақпен қаруланған екі ер адам сауда нүктесінің кассасынан 15 мың теңгені алып қашқан, қарақшыларды өтіп бара жатқан қарапайым тұрғындар ұстады

Сәрсенбі, 17 ақпан күні болған қарақшылық шабуыл туралы Өскемен полиция басқармасы мәлімдеді.
- "102" шұғыл көмек телефон нөміріне дүкен сатушысы қоңырау шалып, екі ер адам пышақ тәрізді затпен қорқытып, кассадан 15 мың теңгені ұрлап кеткенін айтты, - деп хабарлады Өскемен қалалық полиция басқармасы.
Тонаушылар ақшаны иемденіп, дүкеннен қашып шыққанда, сатушы соңдарынан жүгіре шықты. Жәбірленуші "тонау жасалды" деп көмек сұрап  айқайлай бастайды. Осы кезде дүкенге жақын жерде бір топ жігіт тұрған. Олардың бірі көлікке отырып, полицияны шақырып келуге кетсе, екіншісі күдіктілердің соңынан жүгірді.

Нәтижесінде, қол ұшын созған батыл жігіт қаскүнемдердің бірін қукып жетіп ұстай алды, екіншісін дереу жеткен тәртіп сақшылары тұтқындады.
- Күдіктілер полиция бөліміне жеткізілді. Олар бұрын сотталған 1995 және 1997 жылғы қала тұрғындары болып шықты. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде, - деп қорытындылады қала полициясының бас тәртіп сақшысы, полиция полковнигі Мула Андрей. 
Қылмыскерлерді ұстауға көмектескен ер адамдарға Өскемен қалалық полиция бөлімінің алғыс хаттары мен естелік сыйлықтары табысталып, марапатталды.



Следующая →