Уханьға жеткен ДДҰ сарапшылары қытайлық әріптестерімен бірінші рет кездесті
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бірінші ардағшқы тобы Қтайға 2020 жылдың ақпанында жеткен
Коронавирустың шығу жолын іздеу жұмыстары бойынша құрылған Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының тобы Қытайдағы әріптестерімен кездесті, деп жазды делегация мүшесі, нидерландтық вирусолог Марион Купманс.
Следующая →
- Ең алғашқы біздің бетпе-бет кездесуіміз. Айтпақшы: маскаға-маска, медициналық шектеулерді ескере отырып. Біздің сапарымыздың бағдарламасын талқылап жатырмыз. Қытай командасының басшысы профессор Ваньнянь техникалық ақаулар туралы қалжыңдап отыр. Ұзақ уақыт Zoom арқылы тілдескен соң әріптестерді тірідей көргенімізге қуаныштымыз, - деп жазды Купманс өзінің Twitter-дегі парақшасында.Бейсенбі күні делегацияның Қытайға келгеннен басталған екі апталық карантині аяқталды. Ғалымдар ауруханалар, зертханалар мен Ухань базарларын араламақ ниетті. Олар алғашқы пациенттермен де тілдесетін болады.