Өскемен
пасмурно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    -2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -9°
  • Петропавловск
    -8°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    +2°
  • Шымкент
    +5°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Қазақстан Алишер Кабдуалиев
Ақпарат көзі:
Устинка

Алматыда көпбалалы аналарға автобуста тегін жүруге рұқсат етілді

Алматыда қоғамдық көлікте тегін жүруге құқылы адамдардың санаты кеңейтілмек

Бұл туралы қала әкімі Бақытжан Сағынтаев өз Facebook парақшасында жазды. 

Шаһар басшысының сөзінше, Алматы мәслихаты депутаттары басқа мемлекет аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне, "Алтын алқа" мен "Күміс алқа" алқасымен марапатталған көпбалалы аналарға, сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі 18 жасқа дейінгі баланы алып жүретін адамдарға қаладағы қоғамдық көлікте жеңілдікпен жүру туралы шешімді қолдаған. 

Бұл шешім "Ардагерлер туралы" 2020 жылғы 6 мамырдағы жаңа Заңға сәйкес, сондай-ақ қала тұрғындарының әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсарту мен оны қорғау мақсатында қабылданған. 

Қалалық Әлеуметтік әл-ауқат басқармасының мәліметінше, шаһарда мүмкіндігі шектеулі 18 жасқа дейінгі балаларды алып жүретін 1161 адам бар. Бұл санаттағы адамдарға 50% жеңілдік беріледі. Ал "Алтын алқа" мен "Күміс алқа" алқасымен марапатталған 4663 көпбалалы анаға тегін жол жүру құқығы беріледі. 
Следующая →