Қытайда 6,4 балл жер сілкінісі болды
ҚХР-дың солтүстік-батысындағы Цзяши уезінде қатты жер асты дүмпулері болды. Қазір құтқарушылар келген шығынды есептеуде
Жер сілкінісі ошағы 16 км тереңдікте екені белгілі болды, деп жазады Корреспондент.net сайты.
Қаза тапқандар туралы ақпараттар жоқ. Тұрғындар үйлердің қатты қозғалғанын айтады.
Жер сілкінісі орын алған аумақтан өтетін тоғыз пойыздың қозғалысы уақытша тоқтатылды.