Митаг тайфуны Қытайға бағыт алды
Табиғат апаты салдарынан елде қауіптіліктің сары деңгейі жарияланған. Бұл осы маусымдағы 18-ші тайфун
Орталық метеорологиялық басқарма мәлімдегендей, дауыл Тайваньға жақындап қалды, деп жазады МИР24 сайты.
Дауылға байланысты Тайбэй, Синьбэй, Таоюань қалаларында мектептегі сабақтар да шегерілген. Сонымен қатар, мемлекеттік қызмет те тоқтатылды.
Митаг желінің жылдамдығы секундына 42 метр.
1 қазанға қараған түні тайфун Қытайдың шығысындағы Чжэцзян провинциясының шығыс жағалауына келеді деп хабарланған.