Бірнеше адам Алматыдағы рұқсат етілген митингті тоқтатпақ болды
Митинг әйелдер құқығын қорғау бойынша өтті. Полиция қызметкерлері шараны тоқтатпақ болған азаматтармен әңгіме жүргізді
Өткен сенбіде, яғни, 28 қыркүйекте Алматыда әйелдер құқығын қорғау бойынша митинг өтіп, оған қатысушыларға шабуыл жасамақшы болған төрт қаскөйді полиция ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Күндіз "Сарыарқа" кинотеатрының алдындағы саябақта өткен әйелдер құқығын қорғау бойынша өткен рұқсат етілген митингте қоғамдық тәртіпті қадағалаушы полиция қызметкерлері наразылық білдірушілерге қарсы заңсыз әрекеттер жасамақ болған төрт адамды ұстады, олардың біреуінен көзді ашытатын шағын газ баллоны табылды.
- Олар Әуезов аудандық полиция бөліміне жеткізілді, онда заң бұзушылыққа жол бермеу туралы алдын-алу және заңдық түсіндіру бойынша әңгіме жүргізілді, - деп хабарлады Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.