Өскемен
пасмурно
+8°
  • Өскемен
    +8°
  • Алматы
    +14°
  • Астана
    +7°
  • Ақтөбе
    +14°
  • Актау
    +17°
  • Орал
    +16°
  • Қарағанды
    +7°
  • Көкшетау
    +4°
  • Қостанай
    +6°
  • Қызылорда
    +20°
  • Павлодар
    +5°
  • Петропавловск
    +2°
  • Тараз
    +14°
  • Туркестан
    +11°
  • Шымкент
    +15°
$
447.15
+1.01
485.74
+0.87
¥
61.83
+0.15
4.8
-0.01
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Әлем Әлем Сергей Кузнецов
Ақпарат көзі:
Устинка

17 наурызға арналған әлемдік жаңалықтар айнасы

Устинка Live жаңалықтар порталы өткен түнде БАҚ назарына түскен саясат, эномика және басқа да салалардағы маңызды деген жаңалықтарға шолу жасады

Түркия полициясы ИШИМ-нің екі лаңкесін құрықтады Түркия полициясы Стамбулдың түрлі нысандарына қарулы шабуыл ұйымдастырмақ болған екі жігітті ұстады. Күдіктілер Қягытхан ауданында ұсталды. Тінту барысында екі Калашников автоматымен 500-ден астам оқ дәрілер табылған Ұсталғандар ДАИШ мүшелері (арабша атауы, Қазақстанда тыйым салынған ИШИМ). Бұл ұяшыққа стамбулдық Reina түнгі клубына жаңа жылда шабуыл жасаған Өзбекстан азаматы Абдулкадыр машарипов та кіреді. Ол кезде 39 адам қаза тауып, 69-ы жараланған болатын. Лаңкес клуб мекемесіне кіріп адамдарға қарсы оқ жаудырған. Машарипов біраз уақыт бойы Стамбулдағы танысының саяжайында тығылып жүрді, алайда полиция ізіне түсті. Машарипов 16 қаңтар күні лаңкестікке қарсы операция барысында стамбулдық Эсенюрт өңірінде ұсталды. Болгария билігі сақтану аясында Түркиядағы елшісін шақыртып алды Болгария СІМ Түркиядағы елшісін кеңеске шақырды. София Анкараны елдің ішкі ісіне араласты деп, қарсылық білдірді. СІМ нотасында түркияның еңбек және әлеуметтік қамтамасыз ету министрі Мехмет Мюэззиноглу Түркияда тұратын болгар азаматтарын Болгариядағы этникалық түріктердің ниетін білдіретін ДОСТ партиясына дауыс беруге шақырғаны. Софияда дауыс беруге қатысу үшін Болгариялық тұрғындардың «миграциялық ағымның іске асуына» әсер етуі мүмкін деп қорқуда. Вице-премьер, қорғаныс министрі Стефан Янев Түркияда тұратын болгар азаматтарының дауыс берушілері тиелген автобустарына болгария үкіметі қарсы әрекет жүргеізеді деп уәде берді. Болгариядағы парламент сайлауы 26 наурызға жоспарланған. Елде мұсылмандар аз, олардың көбі этникалық түріктер қатарына кіреді, олар елдің 13 пайызын құрайдыы. Жапония барлау спутнигі орналастырылған ракета ұшырды Тасушы ракета H-2A/F33-тің ұшуы ғаламторда онлайн желіде көрсетілді. Бүгін Жапонияның оңтүстік-батысындағы кагосима префектурасында орналасқан «Танэгасима» космодромында барлаушы спутник IGS Radar-5 көөке ұшырылды. IGS Radar-5-ті жасаумен Mitsubishi Heavy Industries компаниясы айналысқан. Алдыңғы IGS Radar-4 спутнигі 2013 жылы ұшырылған болатын. Тыңшы-спутниктерді жасауға Жапония жыл сайын 60 млн иен (500 млн доллар) бөледі. Бұған себеп Солтүстік Кореяның ракеталы тәжірибелері болып отыр. Қазіргі уақытта орбитада «Когаку-3» және «Когаку-4» оптикалық барлау және екі радарлы спутниктер жұмыс істеуде. Күндіз оптикалық спутниктер Жерде түсіру жұмыстарын жүргізсе, түнде радарлы спутниктер бақылау жүргізеді. Француздық «Лион» «Ромадан» жеңіліс тапты, бірақ Еуропа лигасының төртінші финалына бәрібір өтті Екі команда арасындағы жарыс Еуропа лигасының 1/8 финалы аясында, Римдегі «Олимпийский» стадионында өтті. Бірінші кездесуде «Лион» 3:1 есебімен жеңді. 16-шы минутта римдіктердің мақсаты тапсырмасы қиындады – Муктар Дьякаби қонақтарды алға шығарды. Бір минут өте салысымен Кевин Стротман есепті теңестірді. 60-шы минутта алаң иелері алға шықты – Лука Тусар өз қақпасына доп салды. Алайда «қасқырлар» шабуылы нәтиже бермеді. Нәтижесінде «Ромның» еншісіне 2-1 болып, «Лион» екі кездесу сомасында 4-3 ұпайға ие болды. Осылайша француздар Еуропа лигасының ¼ финалына өтті. Британ ғалымдары үш атанадан балалар жасауға лицензия алды Британдың Ньюкасл клиникасы үш атанадан эмбрион қалыптастыру технологиясын пайдалануға бірінші болып лицензия алды. Әдіс бойынша бір аналық жасушаның ядросын келесіге ауыстырып, ЭКҮ жалғастырылады. Мұндай тәсіл болашақ баланы бірқатар генетикалық аурулардан сақтайды. Мамандардың есебінше, клиникада осындай әдіспен ұрықтандырылған балалар келесі жылы дүниеге келетін болады. Үш ата-анадан бір бала 2016 жылдың қыркүйегінде дүниеге келген болатын.


Следующая →