Өскемен
ясно
-12°
  • Өскемен
    -12°
  • Алматы
    +1°
  • Астана
    -3°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +8°
  • Орал
    -2°
  • Қарағанды
    -4°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -10°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    -3°
  • Шымкент
    +8°
$
498.51
+0.17
522.84
+3.12
¥
68.81
+0.02
4.81
-0.04
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Әлем Әлем Сергей Кузнецов
Ақпарат көзі:
Устинка

7 наурызға арналған әлемдік жаңалықтар реті

Устинка Live жаңалықтар порталы өткен түнде БАҚ аясына түскен саяси, экономика және басқа да салалардағы маңызды әлем дік жаңалықтар тізімін дайындады

АҚ үй коммуникациялар директорлығына Майкл Дубкені тағайындады

Коммуникациялар директорлығында Майкл Дубке БАҚ кампанияларын жүргізуге және президенттің көлемді баяндамаларына жауап беретін болады.

Сossroads Media компаниясының негізін қалаушы Майкл Дубкенің Ақ үйде коммуникациялар директоры болатыны туралы CNN телеарнасы президент әкімшілігіне сілтеме жасай отырып хабарлады. Бұрын бұл қызметті баспасөз хатшы Шон Спайсер атқарып келген.

Спайсердің жұмысынан АҚШ президенті Дональд Трамптың көңілі қалғаны туралы БАҚ-та ақпан айында жазылды. Сол кезде Спайсердің әріптесі болып Дубке тағайындалатыны туралы әңгіме жүрген.

Қорғаныс министрлігі Пальмира түбінде келісім бойынша қызмет атқаратын жауынгердің қаза тапқанын растады

Ресей Қорғаныс министрі Сирияда Пальмираны азат ету операциясы барысында барлаушы Артем Горбуновтың қаза тапқанын растады. Басқарма жауынгерді мемлекеттік марапатқа ұсынды.

Ресей жауынгері 2 наурыз күні ҚР тыйым салынған «Ислам мемлекеті» лаңкестік тобының соққысына сирия әскерінің қатарында төтеп беру барысында қаза тапты. Айта кету керек бұл сәтте ресейлік әскери кеңесшілер атыс алаңында болған еді.

Сонымен қатар Қорғаныс министрлігі БАҚ-та жарияланған Челябинск облысының тұрғыны Иван Слышкиннің өліміне қатысты пікір берді. Министрліктің ақпаратынша, ол расымен РФ Қарулы күштерінің қатарында болған. 2013 жылы қосымша әскер қатарына жұмыстан шыққан.

Трамп Иракты иммиграциялық қаулыға қоспайды

АҚШ президенті Дональд Трамп АҚШ-қа жеті елдің азаматтарын уақытша кіргізбейтін заңнан Иракты шығарып, иммиграцияға қарсы жаңа қаулы шығарды. Бұл туралы Трамптың кеңесшісі Келлиэнн Конуэй бүгін хабарлады.

Соттардың үстелінен түспей қалған бұрынғы қаулыны жаңасы ауыстырды. Ол 16 наурыздан бастап жүзеге асады, ел төңірегіне кіруге тыйым 90 күн бойы жалғасады. Бұрынғы нұсқасымен салыстырғанда мұнда виза мен гранкарт алып қойғандарға, екі азаматтығы бар адамдарға күші жүрмейді. Ол бұрынғыдай Иран, Сирия, Йемен, Сомали, Судан мен Ливия елдеріне таратылады. Сирия азаматтарына кіру жалпы негізде тыйымға алынды. Сонымен қатар христиандардың әлеуеті туралы да сөз болуы мүмкін.

Бельгиялық пастор шіркеуден сырахана ашты

Бельгия батысында орналасқан ауылдардың бірінде пастор құдай үйінде ішімдік ішуге рұқсат берді. Бұл туралы Deutsche Welle хабарлады.

Мұндай шешімге пастор ауылдағы ең соңғы шарапхана жабылған соң келді.



Следующая →