Өскемен
малооблачно
-13°
  • Өскемен
    -13°
  • Алматы
    +2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +8°
  • Орал
    +1°
  • Қарағанды
    -3°
  • Көкшетау
    -9°
  • Қостанай
    -7°
  • Қызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -9°
  • Тараз
    -3°
  • Туркестан
    +1°
  • Шымкент
    +3°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Әлем Әлем Сергей Кузнецов
Ақпарат көзі:
Устинка

6 наурызға арналған әлемдік жаңалықтар реті

Устинка Live жаңалықтар порталы өткен түн ішінде БАҚ назарына түскен саясат, экономика және өзге де салалардағы маңызды жаңалықтар ретін дайындады

Фийон Франция президенті орнына күресуден бас тартпайды

Франция президенттігіне «Республикандықтар» атынан үміткер Франсуа Фийон France 2 эфирінде сайлаудан өз кандидаттығын алмайтынын айтты

- Сайлауға қатысуға маған ешкім кедергі бола алмайды, - деді Фийон, үміткерлікті алып тастау себебін көрмейтінін айтып.

Фийон, үміткерлікке демократиялық жолмен түскенін айтып, партиядағы өз қатарластарына сайлауалды жобасының ұтымды екеніне сендіре алатын үмітін білдірді.

Ресей мен Украина Қырымнан украиндық тұтқындарды көшіру сұрағын талқылады

Қырымнан тұтқындарды көшіру сұрағы РФ Адам құқығы бойынша өкілетті Татьяна Москалькова мен украиндық әріптесі Валерия Лутковская формальды емес кездесу барысында талқыланды. Бұл туралы ресейлік омбудсмен Instagram желісінде баяндады.

-              Украинаның Жоғарғы радасының Адам құқығы бойынша Өкілеті В. В. Лутковскаямен формальды емес кездесу өткіздік, - деп жазады Москалькова. – Қырымнан тұтқындарды көшіру сұрағын талқыладық, біріккен сапар тәжірибесін жалғастыруға және ақпарат аласуға, ынтымақтастық сұрақтары бойынша Ақпарат Өкілеттігі ресми сайттарында бағандар ашуға келістік.

ФТБ басшысы АҚШ әділет министрлігінен Трамптың жасырын тыңдау туралы сөзін жоққа шығаруын талап етті

ФТБ директоры АҚШ әділет министрлігінен Дональд Трамптың телефоны тыңдаулы деген сөзін ресми түрде жоққа шығаруын талап етті. Джеймс Коми мемлекет басшысының мұндай сөздері мекемесінің атына кір келтіретінін айтты. ФТБ заң бұзған жоқ, және қазіргі Құрама Штаттар президентінің сөзі жалған және оған түсініктеме беруліге тиісті екенін ескертті Коми.

Естеріңізге саламыз, өткен сенбіде Дональд Трамп өз Твиттерінде өткен жылғы сайлауалды жарысында Барак Обама оның сөздерін тыңдап отырған деп жазған. Трамп бұл жағдайды 1972 жылғы атақты Уотергейт шатағына теңеді. Ол кезде АҚШ президенті Ричард Никсон орнынан кеткен болатын.

Путин фин мультфильмінің басты кейіпкері болады

Владимир Путин фин режиссері Катариина Лиллквист пен суретші мультипликатор Юхо Юнтунен түсіретін мультфильм кейіпкері болады. Ресейлік президенттің кейіпкері тореадор болуды армандайтын адамның рөлін сомдайды.

Аталмыш жобаның демеушілері қатарында Финляндияның Мәдениет қоры бар, ал мультфильмді шығару ойы каталондықтар мен финндіктерге тиесілі.

Следующая →