Өскемен
ясно
-12°
  • Өскемен
    -12°
  • Алматы
    +1°
  • Астана
    -3°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +8°
  • Орал
    -2°
  • Қарағанды
    -4°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -10°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    -3°
  • Шымкент
    +8°
$
498.51
+0.17
522.84
+3.12
¥
68.81
+0.02
4.81
-0.04
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Әлем Әлем Сергей Кузнецов
Ақпарат көзі:
Устинка

9 ақпанға арналған әлемдік жаңалықтар қатары

Устинка Live жаңалықтар порталы өткен түнде БАҚ аясына түскен маңызды жаңалықтар ретін дайындады

Brexit туралы заң жобасы британ депутаттарымен үшінші рет оқылғанда қабылданды

Британдық парламентарии сонымен қатар ЕО азаматтарына Брекситтан соң автоматты түрде Ұлыбританияда қалу құқығы туралы ұсынысты қабылдамады

Британ депутаттарының көбі Еуроодақ құрамынан елді шығару үрдісін бастау туралы заң жобасын қабылдауға дауыс берді.

Заң жобасы бірдще бір рет жөнделмей қабылданды. Енді құжат Лордтар палатасының қаралуына жіберіледі.

The Guardian хабарлағандай, британдық парламентарий Лейбористік партияның Брекситтен кейін ЕО азаматтарына Ұлыбританияда автоматты түрде қалу құқығы туралы ұсынысын қабылдамады.

Басылымның ақпаратынша, дегенмен мәжбүрлеп елден қуу туралы әңгіме қозғалмаған көрінеді.

Ұлыбритания СІМ басшысы АҚШ азаматтығынан бас тартты

Ұлыбритания Сыртқы істер министрі Борис Джонсон енді Америка Құрама Штаттарының азамты болып табылмайды. Оның есімі АҚШ Қаржы министрі жариялаған тізімде бас тартқандардың қатарынан шықты.

Британды СІМ толық есімі Александр Борис де Пфеффель-Джонсон. 1964 жылы Нью-Йорк қаласында дүниеге келген. 70-ші жылдардың ортасында жанұясы Ұлыбританияға көшіп кеткен.

2015 жылы Джонсон өз үйін сатып салықты американдық қазынаға төлеген болатын. Біріккен Корольдік СІМ өз басшысының әрекетін түсіндіруге асығатын емес.

АҚШ Қаржы министрлігі американдық азаматтықтан бас тартқан немесе үш ай ішінде ұзақ уақытқа қалатындардың барлығын тізімге алады. Джонсон бұл тізімде Александр Борис Джонсон деп көрсетілген.

Израиль Египеттен жіберілген бірнеше ракетаны қағып түсірді

- Ракеталар Синайдан Израиль бағытына жіберілген. Темір күмбез ракетаға қарсы қорғаныс жүйесі олардың бірнешеуін қағып түсірген, - деп хабарлады израиль әскерилері.

Атысқа байланысты курорттық Эйлате қаласында және оның төңірегінде әуе дабылы қосылған. Зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ, әскерилер жергілікті мекенді зерттеуде.

Қазір полиция қала төңірегінде құлауы мүмкін деген ракета бөлшектерін іздестіруде, деп хабарлайды құқыққорғау органдары.

Осыған дейін аталмыш курорттық қалаға деген шабуыл құрбансыз, материалды шығынсыз болып келген. Қала жіберілген ракеталар бірнеше рет РҚҚ «Темір күмбез» жүйесімен ұсталған болатын.

Қызыл крест Ауғаныстандағы жұмысын тоқтатты

Алты адам қаза тапқан лаңкестердің шабуылынан кейін осындай шешім қабылданды, деп хабарлайды БАҚ ұйымның жедел әрекет бойынша директоры Доминик Штилхартқа сілтеме жасай отырып.

Штилхарттың айтуыншаең алдың болған оқиғаның себептерін анықтау керек.

Жуықта Ауғаныстандағы Джаузджан провинциясында Халықаралық Қызыл Крест комитетіның алты қызметкері өліп, екеуі іс түссіз жоғалып кеткен. Болжам бойынша шабуылды Ислам мемлекеті (ҚР тыйым салынған) лаңкестік ұйымының жауынгерлері жасаған.

Мадонна Малавидан егіз қыздарды асырап алды

Американдық әнші Мадонна әлеуметтік желідегі жанкүйерлерімен асырап алған қыздарының суретімен бөлісті. Суретке қалдырған жазбасында Малавидан екі қызды асырау үрдісін ресми түрде растағанын айтты.

- Олардың жанұямның мүшесі болғанына шексіз қуаныштымын. Мұны жүзеге асыруға көмектескендерге алғысым шексіз және БАҚ өкілдеріне өтпелі кезеңде жеке өмірімізді құрметтеуін сұраймын, - дейді әртіс Инстаграмда.

Естеріңізге саламыз, шетелдік азаматтарға бала асырауға тыйым салатын елде балаларды асырап алу үшін Мадоннаға Малави Жоғарғы сотына баруға тура келген.

Следующая →