Өскемен
ясно
+9°
  • Өскемен
    +9°
  • Алматы
    +10°
  • Астана
    +13°
  • Ақтөбе
    +19°
  • Актау
    +22°
  • Орал
    +21°
  • Қарағанды
    +9°
  • Көкшетау
    +14°
  • Қостанай
    +16°
  • Қызылорда
    +17°
  • Павлодар
    +11°
  • Петропавловск
    +15°
  • Тараз
    +8°
  • Туркестан
    +22°
  • Шымкент
    +11°
$
443.35
475.54
¥
61.18
4.82
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Әлем Әлем Сергей Кузнецов
Ақпарат көзі:
Устинка

1 ақпанға арналған әлемдік жаңалықтар тізімі

Устинка Live жаңалықтар порталы өткен түнде БАҚ айнасына түскен саяси, экономикалық және басқа да маңызды жаңалықтар тізімін жинады  

БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі Украина шығысында бейбітшіліктің сақталуын талап етті

БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі жабық отырыс барысында Донбасстағы жағдайларды қарады. Қорытынды бойынша Украинамен ұсынылған мәлімдеме қабылданды. Құжат тез уақыт аралығында атысты тоқтатуға шақырады.

«БҰҰ Қауіпсізік Кеңесінің мүшелері Донеск облысының түйіскен шегінде бейбіт тұрғындардың өліміне және жаралануына алып келген, минск келісімімен тыйым салынған қаруларды пайдаланғанын сынға алды», - деп жазылған БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің жабық отырысында қабылданған мәлімдемеде.

Сонымен қатар, Қауіпсіздік Кеңесінің мүшелері Украинаның территориалды тұтастығы мен суверенитетіне қолдау білдіріп, минск клісіміне енгізілген қарардың қатаң түрде орындалуы керектігін атады.

Американдықтардың жартысы Трамптың көші-қон саясатын қолдайды

Дональд Трамптың көші-қон жарлығын АҚШ-тың жартысына жуығы қолдайды. Ipsos орталығы мен Reuters агенттігі жүргізген жалпыұлттық сауалнама қорытындысы көрсеткендей қатысқан американдықтардың 49 пайызы шешімді түрде және жартылай президенттерінің шешімін қолдайтын көрінеді.

Өз кезегінде, Трамптың жарлығының біразын қолдайтындар саны 41 пайызды құрайды. Сол сияқты, 10 пайызы бұл сұраққа қатысты өз шешімдерін нақтылай алмаған.

Зерттеу жұмысы АҚШ-тың 50 штатын тегіс қамтып, 1201 американдық қатысқан. Демокаратиялық партияның мүшесімін деп 453 адам айтса, 478 қатысушы Республикалық партияға сүйіспеншілігін білдірген.

Берлинде ИШИМ мүшесі болуы мүмкін деген үш адам ұсталды

Берлин полициясы «Ислам мемлекеті» (ҚР тыйым салынған) лаңкестік ұйымының қатысушысы болуы мүмкін деген үш адамды ұстады. Олар неміс астанасының орталығындағы Анис Амридегі рождество жәрмеңкесіне шабуыл ұйымдастырушы баратын мешітке барып тұрған.

Ұсталғандары туралы ақпаратты ресми түрде берлин прокуратурасының өкілі растады. Жергілікті БАҚ өкілдерінің ақпаратынша, ұсталғандардың екеуі Берлин шекарасында тұрақты негізде өмір сүреді.

Сонымен қатар, ұсталған ер адамдар Сирия мен Ирактағы ИМ-мен тығыз байланыста екені нақтыланды.

Ресейде жасанды дәрілермен күрес бойынша тәжірибе басталады

1 ақпаннан бастап Ресейде жасанды дәрі-дәрмекпен күрес бойныша тәжірибе басталады. Жоба аясында жыл бойы дәрі-дәрмек қаптамалары арнайы екі өлшемді штрих кодпен белгіленетін болады. Лайықты құжатқа Ресей премьер-министрі қол қойды.

Ресейлік денсаулық бақылау ақпараты бойынша дәрілерді кодтау сатып алушыға дәрілердің заңдылығын смартфон арқылы немесе дәріханадағы арнайы сканер арқылы тексеруге мүмкіндік береді. Сонымен құатар заңды айналымның қорғанысын сапасыз және жасанды дәрілерден автоматты режимде сақтандыратын болады.

Тәжірибе алты өңірде: Мәскеуде, Мәскеу ауданы, Санкт-Петербург, Нижегородск облысы, Новгород облысы, Белгород облыстарында өтеді. Алғашқы қорытындылары 1 желтоқсанда белгілі болады.

Джеймс Кэмерон «Аватар-2» фильмін түсіретін күнді атады

Былтырғы жылы ғана Кэмерон жаңа кинофраншизаның түсірілімін 2016 жылдың көктемінде бастаймын деген болатын. Алайдажоспары өзгеріп кетті. Қазіргі уақытқа дейін режиссер жазушылықпен айналысып келді – ол барлық серияны тегіс жазып шығуды шешіпті. Тек осыдан кейін барып, түсіру алаңына баратын көрінеді.

- Менің назарым тек бір сиквелде емес. «Аватар 2, 3, 4, 5» бойынша жұмыстар істеудемін және барлығы дайындалмады, бірақ барлығы тең дәрежеде. «Аватар-5» сценариін енді ғана аяқтадым, - деп хабарлады Кэмерон.

Әртістермен түсіру алаңында Кэмеронның жазда кездесетіні айқындалды.

- Түрмеден шыққандай әсерде жүрмін, себебі «жазушының үңгірінде» екі жыл бойы отырып шықтым. Қазір өмірімнен ләззат алып жүрмін. Жазуды жақсы көрмеймін, - деп мойындады жазушы.

Былтыр 20th Century Fox компаниясы «Аватар» сиквелының 2018 жылдың желтоқсанында шығады деген болатын. Одан кейін тағы үш фильмнің шығуы жоспарланып, алғашқы көрсетілімдері 2020, 2022, және 2023 жылдарға бекітілген.

Жобада қайтадан Сэм Уортингтон, Зои Салдана, Стивен Лэнг және Сигурни Уивер қатысатын нақтыланып қойды.

Следующая →